Алматы. 15 желтоқсан. 7kun.kz – Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек жұмысшыларға «Жас қанат» ықшам ауданына дейін салынған жаңа жол үшін алғыс айтты.

Алматыда Хмельницкий көшесін Майлин көшесінен «Жас қанат» ықшам ауданына дейін үңгілеу аяқталды. Алматы әкімі жұмыс сапары барысында жедел дамып келе жатқан елді мекенді қамтитын көлік инфрақұрылымын қарап шықты.

Алматы әкімі әлемдік күрделі экономикалық жағдайда мемлекеттің инфрақұрылымды дамытуға қаржы бөлгенін атап өтті. Ұзындығы 1,1 шақырым болатын жаңа жол салу 2016 жылдың маусымында басталған еді.

«Ел Президенті айтқандай, түрлі қоғамның қозғаушы күші адам еңбегі болып есептеледі. Сондықтан «еңбек адамы» атану үлкен құрмет. Сіздердің алып қолдарыңызбен үй салынып, жол жасалып, өндіріс өркендеп келеді. Бұл- қиындығы мен қаупі мол қиын жұмыс, бірақ киелі. Өйткені осы еңбек арқылы мемлекет дамып, өркен жаяды», – деді Бауыржан Байбек.

Жұмыс барысында 400-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. Мердігер компания қала бюджетіне 400 млн теңге салық төледі. Ал, елді мекен тұрғындары жаңа жолға ие болды.

 

Запись Бауыржан Байбек жұмысшыларға жаңа салынған жол үшін алғыс айтты впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.