Мәскеудің Замоскворецкий соты Ресейдің бұрынғы экономикалық даму министрі Алексей Улюкаевты «Роснефть» компаниясының басшысы Игорь Сечинді «бопсалап, одан пара алды» деп танып, сегіз жылға соттады. Азаттықтың Орыс редакциясының хабарлауынша, сот Улюкаевқа жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу және 130 миллион рубль көлемінде айыппұл салу туралы үкім кесті. Сот экс-министрді сот залында қамауға алуға бұйырды.

Улюкаевтың адвокаты үкім оқылып жатқанда-ақ оған шағымданатынын хабарлады.

Бұған дейін прокурор экс-министрді 10 жылға соттауды және 500 миллион рубль айыппұл төлеу жазасын кесуді сұраған.

Улюкаевтың өзі кінәсіз екенін бірнеше рет мәлімдеген. Ол өзін ұстау мен қылмыстық іс қозғауды «Роснефть» мен Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің арандатуы деп біледі. «Роснефть» басшысы Игорь Сечин сотқа бір де бір рет келмеді. Компания баспасөз қызметі басшысының «қолы бос емесін» мәлімдеген.

Алексей Улюкаев өткен жылдың қарашасында «Роснефть» кеңсесінде ұсталып, содан бері үйқамақта отырған. Тергеу болжамына қарағанда, ол Игорь Сечиннен «Башнефть» компаниясын сатып алу келісіміне оң баға беру үшін екі миллион доллар пара бопсалаған.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.