Жұма күні Газа секторында болған қақтығыстар барысында тас жаудырған жүздеген палестиналыққа қарсы Израиль әскерилері оқ атқан. Палестина ұлттық әкімшілігінің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған Reuters дерегінше, Газа секторының шекарасында болған қақтығыстар барысында палестиналықтардан екі адам мерт болып, 150-і жараланған. Иордан өзенінің батыс жағалауында тағы екі палестиналық қаза тауып, он адам зардап шеккен.

Наразы демонстранттардың АҚШ пен Израиль туларын өртеп, АҚШ президенті Дональд Трамптың портреттерін таптағаны туралы хабарланды.

Желтоқсанның 6-сында АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израиль астанасы деп тану және Тель-Авивтегі АҚШ елшілігін соған көшіру туралы шешімін жариялағаннан кейін Палестина территориясы мен араб әлемінде наразылық туған. Иордан өзенінің батыс жағалауында тәртіпсіздіктер басталып, палестиналық демонстранттар мен Израиль әскері арасында қақтығыстар болған.

Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас палестиналықтар АҚШ-тың израиль-палестина бейбіт келіссөзіне арағайын болғанын қаламайтынын мәлімдеп, БҰҰ-ны бұл келіссөзде арағайын болу рөлін өзіне алуға шақырған.

АҚШ-тың Еуропадағы одақтастары, сонымен бірге Ресей және өзге де елдер Трамптың Иерусалимге қатысты шешіміне байланысты алаңдаушылық білдірді.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.