Египет пен Ресей арасында әуе қатынасын қайтадан қалпына келтіру туралы келісімге қол қойылды деп хабарлады «Интерфакс» агенттігі. Ресей көлік министрлігі келісімге қол қоюды әуе қатынасын қалпына келтіру үшін жасалған «алғашқы қадам» деп атады. Болжам бойынша, екі елдің арасында ұшақ қатынасы алдағы жылғы ақпан айында қайта ашылмақ.

2015 жылы қазанның 31-інде Египеттің Шарм-әл-Шейх курортты қаласынан Ресейдің Санкт-Петербург қаласына ұшып бара жатқан ресейлік «Когалымавиа» әуе компаниясының А321 ұшағы Синай түбегінде құлап, ондағы 224 адам түгел қаза тапқан. Олардың көбі ресейліктер, сонымен бірге төрт украиналық және Беларусьтің бір азаматы болған. Сол жылғы қарашадан бастап Ресей мен Египет арасында әуе қатынасы тоқтап қалған еді.

Кейін апатқа ұшақтағы жарылыс себеп болғаны хабарланды. Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі болған оқиғаны теракт деп атаған.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.