Футбол ардагері Тимур Сегізбаев қайтыс болды

109


Қазақстандық белгілі футбол ардагері Тимур Сегізбаев 77 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы ақпарат кезінде әйгілі футбошы ойнаған алматылық «Қайрат» футбол клубының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

Тимур Сегізбаев 1960-1969 жылдар аралығында «Қайрат» командасының құрамында 12 футбол маусымына қатысып, 200-ден аса матчта ойнаған. 1964-1969 жылдар аралығында команда капитаны болды. Кейін Алматының «Қайрат», Қарағандының «Шахтер», Қызылорданың «Автомобилист» және «Мелиоратор» командаларын жаттықтырды.

2014 жылы Алматының «Қайрат» футбол командасы жанынан Тимур Сегізбаев атындағы академия ашылған болатын.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

3 ПІКІРЛЕР

Comments are closed.