Жаңаөзен қаласында 2011 жылғы оқиғада қаза болғандарды еске алу шараларынан хабар дайындап жүрген Азаттықтың Маңғыстау облысындағы тілшісі Сәния Тойкен отырған көлікті бүгін полиция көшеден тоқтатқан. Журналистің айтуынша, ол мінген көліктің жүргізушісі – 2011 жылы Жаңазөзенде полиция халыққа оқ атқан кезде аяғынан жараланған Дүйсен Нұровты құқық қызметкерлері «ішімдік ішіп алған» деген күдікпен полиция көлігіне салып алып кеткен.

— Полиция өкілдері ішінде жеке құжаттарым мен кәсіби құрал-заттарым жатқан көлікті өздері жүргізіп әкетті, құжат-заттарымды алып қалайын деп айтқаныма қараған жоқ, — деді Сәния Тойкен.

Тілшіміз таңертеңнен бері Жаңаөзен көшесінде полиция қызметкерлерінің әдеттегіден көп жүргенін байқағанын айтты.

Бүгін Жаңаөзен қаласында осыдан тура алты жыл бұрын полиция оғынан қаза тапқан адамдардың отбасылары марқұмдарды еске алады.

2011 жылы желтоқсанның 16-сында Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында еңбек мәселелеріне қатысты талаптар қойған мұнайшылардың наразылық шеруін билік оқ атып күшпен таратты. Ресми дерек бойынша, Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесінде Жаңаөзеннің іргесіндегі Шетпе ауылындағы халық наразылығы кезінде тағы бір адам оққа ұшты.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.