Алматы. 22 желтоқсан. 7kun.kz – Шымкент мұнай өңдеу зауыты («ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС) 15 желтоқсанда Кеден одағының Техникалық регламентінің талаптары бойынша К-4 және К-5 экологиялық класына (Еуро-4 және Еуро-5 баламалары) сәйкес келетін дизель отынын шығаруды бастады.

«Шымкент мұнай өңдеу зауытында К-4 және К-5 дизель отынының тәжірибелік-өнеркәсіптік партиялары шығарылып, өнімдерге төлқұжаттар ресімделді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдарда өнімнің Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкестігі туралы декларация алынды», – делінген хабарламада.

Шілде айынан бастап зауыт К4 және К5 экологиялық класына сәйкес келетін жоғары октанды бензиндерді шығарып келеді.

Осылайша, Шымкент мұнай өңдеу зауыты Қазақстан нарығын жоғары сапалы мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша өзіне алған міндеттерін толық орындап отыр.

«Қазіргі уақытта зауыттың қуатын жылына 6 млн тоннаға дейін арттыруға және өңдеу тереңдігін жоғарылатуға бағытталған жобаның 2-кезеңі нысандарының құрылысы аяқталып келеді. Жобаны 2018 жылғы қыркүйек айында бітіреміз деп жоспарлаудамыз», деп мәлім етті ҚМГ.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының аумағында Кеден одағының «Автомобильдік және авиациялық бензинге, дизельдік және теңіз отынына, авиациялық отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентіне сәйкес (ТР ТС 013/2011) K4 және K5 экологиялық кластарындағы автокөлік бензині мен дизель отынын шығаруға және айналымға көшу жүзеге асырылады.

Запись Шымкент мұнай зауыты К-4, К-5 класының дизелін шығара бастады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.