Алматы. 22 желтоқсан. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев 2017 жылы екінші деңгейлі банктерге не үшін мемлекеттік қолдау көрсетілгендігін айтты.

«Банкті құтқару не құтқармау мәселесі оның шығыны барынша жоғары болып, акционердің капиталы салымшыларды мұнан арғы шығындардан қорғауға жетпеген кезде туындайды. Таңдау қызығарлық емес. Өйткені, жақсы мен өте жақсының арасында емес, жаман мен өте жаманның арасынан таңдау жасауға тура келеді. Дегенмен, таңдау жасау қажет. Себебі әрекет жасамау одан да жаман», – деді Данияр Ақышев «Деловой Казахстан» газетіне берген сұхбатында.

Сұхбат барысында ол 2016 жылы Ұлттық банк еліміздің шығыны мол бірнеше банктің несие қоржынына тексеру жасағандығын және Қазкоммерцбанкті құтқару үшін оған қайта капиталдандыру жүргізілгендігін атап өткен.

«Банк біз анықтаған барлық шығындарды мойындады, акционерлік капиталды толықтай шығынға жазды және мемлекеттік қолдауға ие болды. Осыдан кейін оны Халық банк сатып алып, қайта капиталдандырды», – деді ол.

Сонымен қатар ол Қазкоммерцбанкті мемлекет құтқармаған жағдайда қандай жағдай  болуы мүмкін екендігін де айтып берді.

«Біршама қиындық болар еді. Өйткені, банктің өзін ғана емес, ол жойылған жағдайдағы барлық ықтимал салдарды да ескеру қажет. Біздің банк жүйеміздің негізгі кредиторлардан бастайық. Негізінен, ол қоғамдық сектор, яғни Қазақстанның мемлекеттік компаниялары, қоғамдық қорлар, БЖЗҚ. Олар қаражаттарын депозитте ұстайды және банк облигацияларына ие. Бұл шамамен банк жүйесін қорландырудың 30 пайызын құрайды. Қорландырудың 44 пайызын халықтық жинақтар. 2007 жылмен салыстырғанда олардың арасында шетелдік кредиттер іс жүзінде жоқ десек те болады. Банк жойылған жағдайда олардың барлығы да қаржылық шығынға ұшырайды», – деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның айтуынша, банктерді құтқару сектор тиімділігінің ұзақ мерзімді шығындарымен де байланысты.

Запись Ақышев банктерге не үшін қолдау көрсетілетіні туралы айтты впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.