АҚШ қаржы министрлігінің  санкциялық тізіміне Өзбекстандағы қылмыс әлеміндегі белгілі тұлға, кәсіпкер Ғафур Рахимов пен «Тайванчик» лақабымен аты шыққан Алимжан Тохтахунов енгізілді.

Бұл туралы Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлады. Аталаған министрліктің баяндамасында олардың заңсыз жолмен ақша иеленгендігі, рэкеттік, жемқорлық әрекеттерге және есірткі саудасына қатысы болғаны жайлы айтылады. 

21 желтоқсанда АҚШ қаржы министрлігі «Магнитский заңы» аясында 13 тұлға мен 39 ұйымға санкция енгізген. Санкцияға алынғандар арасында Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримова да бар. 

Билікке Шавкат Мирзияев келгенде Ғафур Рахимовтың Интерполдағы іздестірілген тұлғалар тізімінен алынып тасталғаны хабарланған. АҚШ қаржы министрлігі 2012 жылы «Орталық Азиядағы ұйымдасқан есірткі өндірісіне маманданған қылмысты топ жетекшілерінің бірі» деп таныған Рахимовқа қаржылық санкция жариялаған еді.

Елден 2010 жылы кеткен Ғафур Рахимов содан бері Дубайда тұрады деп есептеледі.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.