Сұрақ: Ипотекаға алған баспанамызды әлі төлеп келеміз. Егер үйіміз өртеніп кетсе, бұған дейін төлеген ақшамызды қайтарып бере ме?

Жауап: Бұған дейін төленген ақшаңызды банк  қайтармайды. Және ары қарай төлемеуге үйіңіздің өртеніп кетуі себеп емес. Яғни менің үйім өртеніп кетті, ары қарай төлемеймін және бұған дейінгі төлеген ақшамды қайтарып бер дей алмайсыз. Ипотекаға пәтер алған кезде ол міндетті түрде түрлі жағдайлардан сақтандырылады. Сізге сақтандыру компаниясына арыз жазып, үйіңіздің өртеніп кеткені туралы хабарлау керек. Сақтандыру компаниясы мүлкіңіздің құнын төлеп береді. Бұл ретте де назар аударатын нәрсе: сақтандыру компаниясы мүлік құнын қайтармауы да мүмкін. Оған әсер ететін белгілі бір себептер бар. Оны сақтандыру компаниясына хабарласу арқылы біле аласыз. Тездетіп сақтандыру компаниясына хабарласыңыз. Егер заң жағынан түсінбейміз десеңіз заңгердің көмегіне жүгініп, кеңес алыңыз.

Запись Ипотекадағы үйіміз өртеніп кетсе, банк ақшамызды қайтарып бере ме? впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.