Қазақстанның «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының төрағасы болып Ахметжан Есімов тағайындалды. Бұл туралы ақпарат Қазақстан премьер-министрінің сайтында жарияланды. «Самұрық-Қазына» қоры ұжымына жаңа басшыны премьер-министр Бақытжан Сағынтаев таныстырған. Онымен бірге жиынға Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков және премьердің орынбасары – ауыл шаруашылық министрі Өмірзақ Шөкеев те қатысқан.

67 жастағы Есімов бұған дейін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы, оның алдында Алматы қаласының әкімі болып істеген.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқармасын 2011 жылдан биылғы желтоқсанның 15-іне дейін Өмірзақ Шөкеев басқарды.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.