Оңтүстік Қазақстан облысындағы Алматы-Ташкент-Термез жолында болған көлік апатынан екі адам қайтыс болып, бір адам ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Азаттыққа облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Жол апаты 24 желтоқсан күні болған.

«Ауди В4» көлігінің жүргізушісі 1976 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны рөлге ие бола алмай қоршауға соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «Ауди В4» көлігінің 1973 және 1979 жылы туған екі жолаушысы оқиға орнында қайтыс болған. Дене жарақатын алған жүргізуші аудандық ауруханаға жеткізілген» делінген хабарламада.

Оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабымен («Көлiк құралын басқаратын адамдардың жол немесе көлiк құралын пайдалану ережелерін бұзуы») іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ресми мәлімет бойынша, өткен демалыс күндері облыста бес жол-көлік оқиғасы болып, төрт адам мерт болған, үш адам жарақаттанып ауруханаға жеткізілген.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.