Астанада Жоғарғы сот жанына құтқару қызметтері тартылды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Жоғарғы сот жанында үш өрт сөндіру көлігі, жедел жәрдем көлігі мен полиция патрулінің көлігі тұр. Сол маңда күш құрылымдары арнайы жасақ сарбаздары бар автобус та байқалады.

Астана қалалық ішкі істер департаментінің (ІІД) хабарлауынша, қауіпсіздік шаралары бомба қойылғаны туралы хабарламадан соң күшейтілген. «Сағат 12:16-да белгісіз адам телефон соғып, «Нұрлы жол» теміржол вокзалына бомба қойылғаны туралы хабарлады. Сағат 12:30-да Жоғарғы сот ғимаратына, ал 13:30-да «Назарбаев университетіне» бомба қойылғаны туралы хабар түсті» деп хабарлады ІІД.

Департамент бұл ақпараттар бойынша барлық қауіпсіздік шаралары жасалып жатқанын, барлық құтқару және төтенше жағдайда әрекет ету қызметі дереу аталған мекемелерге барғанын айтады. Полиция жедел іздестіру шаралары барысында бомба туралы ақпаратқа қатысты 25 жастағы ер адамды анықтап, ұстаған.

Қазір бұл іс бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы — Терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат тарату» фактісі бойынша соталды тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Қазақстанда осыған дейін бомба қойылғаны туралы қоңырау шалу оқиғалары бірнеше рет болған. Бомба қойылғаны туралы ақпараттардың басым бөлігі жалған болып шығады. Қазақстанда терроризм актiсi туралы жалған хабар таратқан адам қылмыстық жауапқа тартылып, алты жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.