Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 26 желтоқсанда Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевпен кездесті деп хабарлады ресми баспасөз.

Қырғызстан президенті аппаратының хабарлауынша, тараптар қол қойылған жол картасын іске асыру және «су құрылыстары мен ресурстарын бірлесе ұтымды пайдалану» мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, кездесуде тараптар «қазақ-қырғыз ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен Еуразия экономикалық ұйымы (ЕАЭО) аясында ары қарайғы ынтымақтастықтың келешегі» туралы пікір алмасты.

Сооронбай Жээнбеков 25 желтоқсанда Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен. Келіссөз қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемеге және қазақ-қырғыз шекарасын демаркациялау туралы келісімге қол қойылған.

Назарбаев пен Жээнбеков бүгін Мәскеуге ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне қатысуға бармақ.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.