Алматы. 26 желтоқсан. 7kun.kz – 2018 жылдың 1 қаңтардан бастап 16 кедендік процедураның ішінен тек экспорт қана электронды форматта іске қосылады. Кедендік процедураларды онлайн декларациялауда экспорт пен транзиттен басталады.

Жаңа бағдарламаны тестілеуге қатысқан кәсіпкерлердің бағалауынша, «Астана-1» ақпараттық жүйесін пайдалану 20-30 пайызға ғана дайын. Сондықтан 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Астана-1» ақпараттық жүйесін іске қосу мүмкін емес.

«Бәріңізге белгілі 21 желтоқсан күні Кеден заңнамасы қабылданды. Енді жаңа заңнамаға сәйкес 1 қаңтардан бастап кедендік процедуралар электронды форматқа ауысу керек. Алайда бірқатар мәселелер орын алып отыр. Біріншіден, нормативті құқықтық база, барлығы әлі дайын емес. Оны екі ай ішінде жетілдіреміз. Өйткені 21 желтоқсан күні ғана заңнама қабылданды. Екіншіден, ақпараттық жағы реттелуі керек. Үшіншісі ішкі қатынас пен коммуникациялар бойынша болады. Кедендік процедураларды енгізу бизнесті қатты алаңдатады. Бұл жұмыс бизнеске қатты соққы жасамауы керек», – деді «Атамекен» ҰКП алаңында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директоры-Кедендік әкімшілік ету департаментінің директоры Дина Мамашева.

Айта кетелік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан кедендік 17 процедураның барлығы электронды декларациялауға өтуі тиіс. «Астана-1» пилоттық жобасы Қазақстанның барлық аймағына таралуы керек. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік транзит процедурасына қатысты алғашқы пилоттық жобаны транзит процедурасы бойынша бірінші рет қазан айында қосқан етін. Одан кейін 28 қарашадан кедендік 16 процедураның пилоттық пайдалануды бастады. «Астана-1» ақпарттық жүйесінің «Кеден транзиті» модулін қосу 2,5 айға созылғанын атап өту керек. Алайда басқа процедуралар бойынша электронды форматқа өтуге жүйе дайын емес.

 

Запись Бірінші қаңтардан бастап экспорт электронды форматта іске қосылады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.