Шығыс Қазақстан облысында (ШҚО) Kaz Minerals компаниясына қарасты Артемьев шахтасының кеншілері жұмысқа шықпады деп хабарлады 28 желтоқсанда жергілікті ақпарат агенттіктері. Аймақтық БАҚ-тың хабарлауынша, түнгі ауысымда жұмыс істейтін кеншілер таңертең шахтадан шықпай, күндізгі ауысым кеншілері жұмысқа түсе алмағаны туралы мәлімет тараған.

Kaz Minerals компаниясы аймақтық кеңсесінің ресми өкілі Ермек Дюзкенев бұл ақпаратты терістеді. Оның айтуынша, түнгі ауысым кесте бойынша жұмысқа шыққан. Ол таңертеңгі ауысым жұмысшылар мен компания басшылығы үш ауысымды жұмыс кестесі мен жалақыны көбейту мәселесі талқыланған жиынға қатысқандықтан жұмысқа шықпағанын айтты.

«Кеншілер сауалдарын қойып, ұсыныс енгізді. Күн тәртібіне үш ауысымды жұмыс кестесін енгізу және жалақыны көбейту мүмкіндіктерін талқылау енгізілген. Мұны ереуіл немесе әлдебір рұқсатсыз жиын өткізу деп айтуға болмайды» деген Ермека Дюзкенев Tengrinews сайтына. Ол шахтаның қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын айтқан.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.