Тегеран полициясы бұдан былай ислам үлгісімен киінбеген әйелдерді қамауға алмайды, оның орнына түсіндіру орталығына жібереді.

Tehran Times газеті 28 желтоқсанда полиция генералы Хоссейн Рахимидің сөзіне сілтеме беріп, ислам дресс-кодын кимеген әйелдер жауапқа тартылмайтынын хабарлады.

Иранның Tasnim ақпарат агенттігі әйелдер жауапқа тартылудың орнына арнайы лекцияға жіберілетінін жазады. Ережені екінші қайтара бұзған әйелдердің ғана жауапқа тартылатыны айтылған.

Рахимидің мәлімдеуінше, Тегеранда дресс-кодқа байланысты 100-ден астам кеңес беру орталығы жұмыс істейді. 1979 жылғы революциядан кейін Иранда киім кию үлгісінде консервативті ереже орнатылған. Бұл ережеге сәйкес, Иранда әйелдер шашын жауып, ұзын, бос көйлек киіп жүруі керек.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.