Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қазаға ұшырады деп хабарлайды «Қазақпарат». Облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің дерегі бойынша, жол-көлік оқиғасы Самара-Шымкент көлік жолының 357-шақырымында жұма күні сағат 21:15 шамасында болған.

Сырым ауданы Алғабас ауылы тұсында «Лада Приора» маркалы автокөлік «Ивеко» маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы – 1984 және 1983 жылы туған жас азаматтар сол жерде қайтыс болған.

Қазір құқық органдары қызметкерлері жол-көлік оқиғасының себептерін анықтап жатыр.

 

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.