Қазақстандық футболшы Самат Смақов «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры болып тағайындалды. KazFootball.kz сайтының хабарлауынша, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Самат Смақовпен кездескен. Клубтың спорт директоры болып бұрынғы футболшы Ұлықбек Асанбаев тағайындалған.

Самат Смақовқа дейін бас директор қызметін бір жылдай Мақсат Тюмалиев атқарған. Оған дейін клубты ресейлік Дмитрий Васильев басқарған. Васильев 2017 жылы «қаржы жымқыру» айыбымен сегіз жылға сотталып, кейін ол шартты жазаға ауыстырылған. Смақовқа «Ақтөбе» клубын Қазақстан чемпионатындағы көшбасшылық орнына қайта шығару және клубтың ойыншылар алдындағы қарызын реттеу міндеті жүктеліп отыр.

«Ақтөбе» клубы өткен Қазақстан біріншілігінде тоғызыншы орын алып, Премьер-лигадағы орнын ғана сақтап қалды. Маусым соңында команданы Владимир Муханов басқарды. Оның тұсында клубта Смақов пен Асанбаев та ойнаған. Муханов 2018 жылы клубтың бас жаттықтырушысы қызметін сақтап қалады деген болжам бар.

«Ақтөбе» футбол клубы мемлекет балансында тұр. 2017 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев спортты қаржыландырудағы өзгерістер туралы заңға қол қойған. Ол заң бойынша, футбол енді мемлекеттен қаржы бөліп, ерекше көңіл бөлетін спорт болып саналмайды.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.