Алматыдан 496 километр жерде магнитудасы 3,9-ды құрайтын жер сілкінісі тіркелді.

«ҚазАқпарат» агенттігінің Білім және ғылым министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибелік-методикалық экспедициясына» сілтеме жасап хабарлауы бойынша жер сілкнісі 7 қаңтар күні Астана уақытымен 02 сағат 54 минут 35 секундта болған.

Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 496 километр жерде Қазақстан территориясында екендігі хабарланған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы —  9.4. Тереңдігі — 10 километр болған.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.