Қытайдың транспорт министрлігі осы ел жағалауында мұнай танкері ж8к кемесімен қағысып қалғаннан кейін 32 адамның хабар-ошарсыз кеткенін хабарлады.

Министрлік мәліметінше, 6 қаңтар күні кешке мұнай танкері өртенген кезде оның экипажынан 32 адам жоғалып кеткен. Оның ішінде 30 адамның Иран азаматы екені, екі адамның Бангладеш азаматы екені айтылады. 136 тонна жүк артып келе жатқан мұнай танкерінен мұнай өнімдері теңізге төгіліп, соңы өртке ұласқан.

Ал екінші жүк кемесіндегі Қытайдың 21 азаматы құтқарылған. Панама туын таққан Sanchi мұнай танкерін Иран компаниясы пайдаланып келген. Танкер Оңтүстік Кореяға бет алған болатын. Ал екінші Гонконг туын таққан жүк кемесі 64 мың тонна астық тасып бара жатқан. Оқиға Шанхайдан шығысқа қарай шамамен 160 мил жерде болған.

Қытайдың мемлекеттік Xinhua жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, сегіз Қытай кемесі іздеу операциясына жұмылдырылған. Агенттік Оңтүстік Кореяның да ұшақ пен жағалау күзеті кемесін осы операцияға аттандырғанын хабарлаған. 

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.