Алматы. 8 қаңтар. 7kun.kz – Мысыр муфтийі Шейх Шавки Аллам фетваны шығарды. Онда биткоинмен сауда-саттыққа тыйым салу туралы жариялады. Өйткені олар «исламмен тыйым салынған», деп хабарлады Islam-today.

Египеттің діни көшбасшысының айтуынша, криптовалютадағы сауда сөзсіз алаяқтық, алдау және надандықпен байланысты.

«Шариғатта биткоинге тыйым салынған. Өйткені олар жеке тұлғаларға, жеке топтар мен мекемелерге зиян келтіреді», – деп атап өтті Египет газеті «Al Ahram».

Естеріңізге сала кетейік, биткоинмен сауда айналысының алғашқы нүктесі Мысырда 2017 жылдың тамызында ашылған. Алайда желтоқсан айында билік органдары криптовалютаның заңнан тыс екенін мәлімдеді.

Бас мүфти Магди Ашордың кеңесшісі Egypt Today-ге берген сұхбатында биткоин тікелей террористерді қаржыландыру үшін қолданылғанын мәлімдеді.

Запись Египеттің муфтийі биткоинге тыйым салды впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.