Алматы. 8 қаңтар. 7kun.kz – Америкалық алып машина жасаушы Tesla 2017 жылғы жетістіктері бойынша есеп берді. 2017 жылы өндіруші алғашқы рет 12 айда 100 000-нан астам автокөлік сатты.

Tesla компаниясының тұтынушылары Tesla Model S және Tesla Model X- тің 101 132 көшірмесін алды. Осы үлгілерге сұраныс жыл сайынғы салыстыру бойынша  33 пайызға өсті. 2017 жылдың соңғы ширегінде осы көліктердің 1550-і тұтынушыларға барғанына қарамастан, өндіруші өзінің есебінде Tesla Model 3 үлгісін қамтыған жоқ.

Tesla өкілдерінің айтуынша, төртінші тоқсанда 2 520 Tesla Model S және Tesla Model X, сондай-ақ, 860 Tesla Model 3 жіберілді. Бірақ сатып алушылар бұл көліктерді әлі алмаған соң, олар есепте көрсетілмеді. Олар енді 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы есепке енетін болады.

2017 жылы Илон Масктың компаниясы халықты Tesla Semi жаңа электрлі жүк көлігімен таң қалдырды. Онымен бірге күтпеген жерден Tesla Roadster суперкары ұсынылды. Соңғысы конвейерге 2019 жылы барады. Сондай-ақ, автокөліктің тапсырыс берушілері де бар.

Сонымен қатар, Tesla Semi моделі бірнеше тұтынушыны қызықтырып үлгерді. Ал, UPS компаниясы 125 дана жүк көлігіне тапсырыс берді. Сондай-ақ, Илон Маск жақын жылдарда Tesla компаниясының алғашқы жеңіл автокөлігін таныстыруға уәде берді.

Запись Tesla компаниясы алғаш рет жылына 100 мыңнан астам автокөлік сатты впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.