Иран жоғарғы соты елдегі үкіметке қарсы шеруді ұйымдастырғандар қатаң жазаланатынын мәлімдеді. 

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қаңтардың 8-і күні Иран сот жүйесі төрағасының орынбасары Хамид Шахриари елдегі жағдайға қатысты алғаш рет мәлімдеме жасаған. Ол «елдегі бассыздықты ұйымдастырушылар, наразылықты бастағандар заңдағы ең ауыр жазаны алады» деген.

Иран заңы бойынша, жазаның ең ауыры — өлім жазасы.

Иранның бірнеше қаласында 28 желтоқсаннан бері биліктің әлеуметтік, экономикалық, ішкі және сыртқы саясатына қарсы наразылық акциясы болып жатыр.

 



Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.