Қырғызстанның вице-премьері болған Темир Жумакадыров ұшыраған жол апаты туралы іс сотқа жетті. Бұл туралы Қырғызстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Істі Шу облысы Мәскеу аудандық соты қарамақ.

Былтыр Бішкек-Чалдовар жолында Джумакадыров, оның көмекшісі Нұрлан Джамгырчиев пен жүргізуші Нұрбек Муканов отырған «Тойота Лэндкрузер» көлігі КамАЗ жүк көлігімен бетпе-бет кеп соқтығысқан. Жеңіл көлікте болғандардың бәрі қаза тапқан. Вице-премьер сайлау учаскелерінің дайындығын тексеру үшін Талас ауданына бара жатқан еді.

Жол-көлік апатына байланысты «бір және бірнеше кісінің өліміне соқтырған жол ережесін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс ашылған.

Кейін патрульдік милицияның бас басқармасы апатқа көлікті басқара алмай қалған КамАЗ-дың жүргізушісі кінәлі деп мәлімдеген. Қылмыстық іс бойынша, жүк көлігініің 25 жастағы жүргізушісі, Панфилов ауданының тұрғыны екі айға абақтыға қамалған.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.