Алматы. 9 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстанда 2017 жылы ауылшаруашылық өнімдері 2,6 пайызға қымбаттады. Сонымен бірге өсімдік шаруашылығын өндіру 3,3 пайызға, ал мал шаруашылығы 0,9 пайызға өсті. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметі бойынша, 2017 жылы қой еті бағасы 7,2 пайызға, сиыр еті 5,8 пайызға, жылқы еті 5,6 пайызға, шошқа еті 4,8 пайызға, құс еті 7,6 пайызға артты. Бұдан басқа, жұмыртқа бағасы 15,4 пайызға төмендеді. Шикі сүтке деген баға 8,1 пайызға, бал- 3,5 пайызға, қой жүні 1 пайызға өсті.

Жүгері бағасы 13,1 пайызға, арпа 11,7 пайызға, қара бидай 10,4 пайызға, сұлы 5,8 пайызға, күріш 2,9 пайызға, май 2,4 пайызға өсті. Сондай-ақ, қарақұмық пен бидай бағасы, керісінше, тиісінше 10,4 пайызға және 3,4 пайызға төмендеді.

Картоп 24,2 пайызға, сәбіз 21,9 пайызға, қырыққабат 21,8 пайызға, пияз 14,9 пайызға, қызылша 7,4 пайызға артты. Күнбағыс тұқымына деген баға 10,3 пайызға, қызылша қанты 2,7 пайызға, мақта 24,5 пайызға, соя 5,1 пайызға және кептірілген бұршақ бағасы 2,7 пайызға төмендеді.

Запись Қазақстанда сиыр еті мен қой еті бағасы қымбаттады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.