Алматы. 9 қаңтар. 7kun.kz – «Эйр Астана» әуекомпаниясы «Боинг-767» ұшақтарында кеңжолақты жылдамдықты байланыс орнатты. Бұл туралы әуе компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Эйр Астана» әуекомпаниясының Бангкок, Куала-Лумпур, Сеул, Дубай қалаларына ұшатын жолаушылары интернетті пайдалана алады. Сондай-ақ, ішкі бағыттар бойынша бизнес-класс пен эконом-класта да сымсыз интернетті пайдалану мүмкіндігі бар.

Жаңа қызмет жолаушыларға интернет желісіне қосылуға, жылдам хабар алмасу, әлеуметтік желілерге арналған түрлі қосымшаларды қолдануға, аудио тыңдауға және дербес компьютерлер, планшеттер мен смартфондар арқылы поштаны тексеруге мүмкіндік береді.

Жолаушыларға үш интернет-топтамасы ұсынылады: «Бастау» 15 Мб, «Бизнес» 50 Мб, «Супер» 100 Мб, сәйкесінше, бағалары 1500, 4500 және 7500 теңге болады. Орташа қосылу жылдамдығы 2-ден 5 Мб / с-қа дейін.

Запись «Эйр Астана» әуекомпаниясы ұшақтарда интернет орнатты впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.