Қырғызстан парламентінің депутаттары ұлттық бас киім ақ қалпаққа ұлттық символ статусын беруді ұсынды. Заң жобасы парламенттің сайтында жарияланды. 

Заң жобасында президент, парламент төрағасы мен орынбасарларына ресми кездесулерде ақ қалпақ киюді міндеттейтін бап бар. Депутаттар халықаралық жарыстарға қатысатын спортшыларға ақ қалпақ киіп шығуды ұсынды.

Заң жобасында ақ қалпақты шығару және сатуды шектеу, оны дұрыс мақсатта пайдаланбағандарды жазалау да қарастырылған. 

Оқи отырыңыз: «Қалпақ киген иттің» шуы парламентке жетті

Депутаттардың айтуынша, «бұл-қырғыз халқының салт-дәстүрін сақтау және таныту мақсатында жасалған қадам».

 

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.