9-25 ақпанда Пхенчхан қаласында (Оңтүстік Корея) өтетін қысқы олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-трекші Абзал Ажғалиев ұстап шығады. Бұл туралы спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев хабарлады. 

25 жастағы Абзал Ажғалиев — 2014 жылы Сочи олимпиадасына қатысқан. 2017 жылы Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өткен әлем кубогы кезеңінде 500 метрге алтын алған. Былтыр Алматыда өткен қысқы универсиаданың күміс жүлдегері.Пхенчхандағы ойындарда 500 және 1000 метрлік қашықтықта медальға таласады. 

Оқи отырыңыз: Абзал мен Нұрберген – шорт-трек үздіктері

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.