Алматы. 9 қаңтар. 7kun.kz – Жыл сайынғы төлқұжат индексі әлемнің 200-ден астам елдері мен аумақтарының визалық ережелерін талдайды және оларды визасыз шығуға болатын елдердің санына байланысты орналастырады.

Соңғы бес жылда рейтингте бірінші орынды неміс паспорты сақтап отыр. 2018 жылы неміс паспортымен 177 елге визасыз баруға болады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда бір елге артты. Екінші орын Сингапурға (176 ел), үшінші орын бірден сегіз елге тиесілі болды. Олар: Ұлыбритания, Дания, Италия, Норвегия, Финляндия, Франция, Швеция, Жапония. Осы елдердің азаматтарына 175 елге визасыз баруға мүмкіндік берілді. Олардың көпшілігі бір жыл ішінде басқа елдерге визасыз кіру көрсеткішін жақсартты.

2018 жылы Қазақстан әлемдік рейтингте 65-орынды иеленді. Сондай-ақ, Қазақстанмен бірге бұл орынға Беларусь Республикасы мен Оман Республикасы ие болды. Көрсеткіш бойынша, Қазақстанның азаматтары әлемнің 71 еліне визасыз бара алады. 2017 жылы Қазақстан рейтинг бойынша 67-орынды иеленгенімен, визасыз кіретін елдер саны өзгеріссіз қалды.

Қазақстанның көрші елдері паспорт индексінде былай орналасты: Ресей – 48 орын, Әзербайжан – 72, Өзбекстан – 85.

Соңғы орынға визасыз баратын елдер саны небәрі 24 мемлекетті құрайтын Ауғанстан орнықты.

Егер азаматтықты инвестициялау бағдарламалары бойынша алуға болатын елдер туралы айтатын болсақ, онда визасыз кіретін мемлекеттердің кең таңдауын Австрияның төлқұжаты ұсынады (174 ел). Австрияның төлқұжатын алу үшін қажетті инвестиция көлемі 8-10 млн еуро. Мальта мен Кипр азаматтығын 1-2 млн еуроға алуға болады. Сондай-ақ, олар 169 және 159 елдерге визасыз кіруге мүмкіндік береді. Инвестициялық бағдарламалары бар Кариб елдерінің арасында ең мобильді паспорт болып, 139 елге визасыз кіретін Сент-Китс пен Невис паспорты саналады.

Бұрын визаның шектеу индексі деп танылған паспорт индексі 2006 жылы Henley & Partners Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (IATA) ынтымақтастықта жарияланған.

Запись Қазақстандықтар визасыз 71 мемлекетке бара алады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.