АҚШ президенті Дональд Трамп 16 қаңтарда Вашингтонда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады.

Екі ел президенті «аймақтық қауіпсіздік пен экономикалық байланысты нығайту мәселелерін талқылайды». Ақ үйдің хабарлауынша, Трамп пен Назарбаев халықаралық мәселелерді, Ауғанстандағы жағдайды да сөз етеді. Бұл мәселе қаңтар соңына дейін өтетін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде де талқыланады. Қазақстан қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етеді. 

Оқи отырыңыз: Қауіпсіздік Кеңесі төрағалығынан Қазақстан не ұтады?

9 қаңтарда Назарбаев Астанада АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Кролды қабылдады. Кездесуде Назарбаев Қазақстанда Америка капиталының қатысуымен 500-ге жуық компания жұмыс істеп жатқанын айтты. 

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.