Теміртау тұрғындары «қара түске айналған қар» мәселесіне қатысты қол жинап жатыр. Олар бұл петицияны Қазақстан президентінің кіші қызы Әлия Назарбаеваға жолдамақ. Петицияға қазір 2500-нан астам адам қол қойған. Қол қою Теміртаудағы екі ірі дүкенде 10 қаңтар кешке дейін жалғасады. 

Әлия Назарбаева 2017 жылы қарашадан бері Экологиялық ұйымдар ассоциациясының президиумын басқарады.

8 қаңтарда Теміртау әкімдігі Қарағанды облысы экология департаментіне қаладағы қар түсінің қара болып кеткеніне байланысты ресми сауал жолдаған.

Соңғы бірнеше күнде Теміртау тұрғындары қалаға түскен қардың түсі қара болып кеткеніне наразылық білдірген.Тұрғындар қара түсті қардың суретін әлеуметтік желіге жариялаған.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.