Бүгін, 11 қаңтарда Шымкенттегі Еңбекші аудандық соты 38-мектептің мұғалімі, «міндетінен тыс жұмысқа тартылып, директордан қысым көргенін» айтқан Гүлжан Сәлімбаеваның шағымын қарай бастады. 

Мұғалім Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, Шымкент қалалық әкімдігі, облыстық және қалалық білім басқармасы мен 38-мектеп директорының үстінен шағым түсірген. Бүгін судья Света Нұрбекова бұл азаматтық іс бойынша дайындық отырысын өткізді.

Гүлжан Сәлімбаеваның сенімді өкілі Жаңабек Әбішевтің айтуынша, сот мұғалімнің арызын тоғыз ай дегенде қабылдаған. Іс төрт рет кері қайтарылған. 

Мұғалім Сәлімбаева «құқығымды бұзды, заңсыз жұмысқа шекті» деп шағымданған. 

Бұған дейін Гүлжан Сәлімбаеваның үстінен мектеп директоры Айман Жүсіпова мен оның орынбасарлары Дана Асылбекова және Айжамал Қозыбекова арыз түсірген. Бұл арызды Еңбекші аудандық соты мен Абай аудандық соты қарауға жатпайтынын айтып, кері қайтарған. 

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.