Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz – Әлемдегі ірі әлеуметтік желілердің бірі Facebook қазақ тілін меңгерген, Қазақстан және Орталық Азия өңірінің дәстүрі мен мәдениетін терең білетін маман іздеп жатыр.

Компания өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында жариялаған хабарламада үздік үміткердің Қазақстан нарығын зерттеумен айналысатын командамен бірге жұмыс істейтіні хабарланған. Жұмыс орны Ирландияның Дублин қаласындағы кеңсесінде орналасқан.

Үміткер Қазақстандағы қолданушылардан келген сауалдарға жауап беріп, қазақ тіліндегі контенттің хабарламаларын тексерумен, сондай-ақ қолданушыларға қолдау көрсетіп, аккаунтқа қатысты туындаған мәселелермен айналысады.

Үміткер жылдам әрі сапалы жұмыс істеп, Қазақстанда болып жатқан соңғы оқиғалардан хабардар болып отыруы тиіс. Сондай-ақ, оның бакалавр мен магистр оқу дәрежесі немесе сараптамалық жобалар саласында жұмыс өтілі болуы керек. Үміткерден ағылшын және қазақ тілдерін еркін меңгеруі талап етіледі. Excel және SQL бағдарламаларымен жұмыс істей алуы – үлкен артықшылық болып есептеледі.

Запись Facebook қазақ тілді маман іздеп жатыр впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.