Алматы. 12 қаңтар. 7kun.kz – Қазіргі уақытта Ұлттық банктің реттеу-қадағалау функциясына қатысты мандатын күшейту бойынша заңнамалық түзетулерді әзірлеу аяқталды. Бұл туралы Үкімет отырысында баяндамамен сөйлеген сөзінде ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев айтып берді.

«2017 жылы Ұлттық банк қаржы секторын «қайта іске қосу» шеңберінде Банк секторының орнықтылығын арттыру бағдарламасын іске асырды. Казкоммерцбанк балансы БТА банктің қарыздарынан толығымен тазартылды, қосымша провизияның қажетті деңгейі қалыптастырылды. Ұлттық банк акционерлердің үстеме капиталдандыруға ортақ қатысуы және мемлекеттік көмектің қайтарылуы қағидатында бес банктің қалыпқа келтіру бағдарламасына қатысуын мақұлдады», – деді қаржы реттеушісінің басшысы.

Д. Ақышевтың айтуынша, жекелеген қатысушы банктерге қатысты рейтингтік агенттіктер тарапынан оң баға алынды.

«Тапсырыс орындау мақсатымен, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы шеңберіндегі тапсырмасы бойынша Ұлттық Банк халықтың валюталық ипотекалық қарыздары бойынша мәселені түпкілікті шешу тетіктерін әзірлеуге кірісіп кетті», – қаржылық реттеушінің басшысы қосымша хабарлады.

«Бағалы қағаздар нарығын қайта іске қосу шеңберінде Үкімет пен Ұлттық банктің қор нарығын дамыту жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды.Онда бағалы қағаздар нарығын қалыпқа келтіру және қайта іске қосу бойынша бірінші кезектегі шаралар айқындалды. Бірқатар шара іске асырылды және осы бағытта одан әрі белсенді жұмыс жалғасады», – деді Д.Ақышев.

Қаржы реттеушінің басшысы төлем жүйелерінің көрсеткіштері экономикалық белсенділікті қалыпқа келтіру көрсеткіштерінің бірі болып табылатындығын айтты.

«2017 жылғы 11 ай ішінде Ұлттық банктің төлем жүйелері арқылы 33 миллион транзакция өткізілді. Төлемдер сомасы 781 трлн теңгеге жетті. Бұл 2016 жылдың 11 айына қарағанда 48 пайызға көп», – деп түсініктеме берді Д. Ақышев.

Сондай-ақ ол, сақтандыру секторын дамыту үшін Ұлттық банк заң жобасын әзірлегенін айтты. Ол Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр. Заң жобасы сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігін және сапасын арттыруға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және сақтандыру нарығының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сөзінің соңында Ұлттық банк Төрағасы 2017 жылы валюталық реттеу мәселелері бойынша заң жобасы әзірленгенін айтты. Ырықты валюталық режим сақталған кезде валюталық бақылауды күшейту, оның ішінде елден ақшаның әкетілуіне қарсы іс-қимыл бойынша шараларды күшейту болжанады.

Запись Ұлттық банк қаржы секторын «қайта іске қосу» жұмысын жалғастыратын болады – Д.Ақышев впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.