Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Фердауси жалпы орта мектебінің бұрынғы директоры екі айға қамалды деп хабарлайды Азаттыққа Мақтарал ауданының №2 сотының судьясы Абай Ниязбеков.

Абай Ниязбековтың айтуынша, «Фирдауси мектебінің бұрынғы директоры Кобилхожа Басиевтің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Күдікті облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірген».

Қоғамдық қорғаушы Айгүл Орынбектің айтуынша, «Басиевтің үстінен мектептің қазіргі директоры Жанар Момынова шағым түсірген. Момынова Басиевті Тәжікстаннан келген оқушыларға аттестат сатты деп айыптайды. Қазір жалған аттестаттың екеуі анықталған». Айгүл Орынбек — осы істе Жанар Момынованың қоғамдық қорғаушысы.

Фердауси ауылы тұрғындарының барлығының дерлік ұлты – тәжік, оқу орны да тәжік мектебі. Мұнда оқушы қыздар орамалды «ұлттық дәстүрге байланысты тағады». 

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз