Бүгін, 12 қаңтарда Шымкенттегі әл-Фараби аудандық полиция бөлімі қаладағы банктердің бірінде филиал төрағасы болған Нұржан Көлбаевқа іздеу жариялады. Ол салымшылардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденді деп айыпталған. Бұл туралы Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

45 жастағы Нұржан Көлбаевқа қылмыстық кодекстің «алаяқтық» бабы бойынша айып тағылып, іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу басталған.

Департаменттің хабарлауынша, «қазір полицейлер Нұржан Көлбаев болуы мүмкін мекен-жайларды тексеріп, іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр».

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз