Оңтүстік Кореяның бірлесу істері жөніндегі министрлігі Солтүстік Кореяның өз өнерпаздарын Пхенчханда (Оңтүстік Корея) өтетін қысқы Олимпиада ойындарына жіберу мүмкіндігі туралы жұмысшы тобы деңгейінде келіссөздер өткізуді ұсынғаны туралы хабарлады. Бұл туралы бүгін Reuters жариялаған ақпаратта айтылған.

Министрлік мәлімдемесінде Пхеньянның қысқы Олимпиадаға әртістер тобын жіберу туралы мәселені талқылау үшін қаңтардың 15-і күні Солтүстік Корея аумағында орналасқан Панмунджом елдімекеніндегі Тонгил павильонында жұмысшы деңгейінде келіссөз өткізуді ұсынғаны туралы айтылған.

Оңтүстік Корея министрлігінің хабарлауынша, Солтүстік Корея қысқы Олимпиада ойындарына қатысатыны туралы жұмысшы деңгейінде тағы бір келіссөз өткізуді ұсынғысы келеді.

Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 5-і мен 25-і аралығында өтеді.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз