Ресей аннексиялап алған Қырым территориясындағы Севастополь ауданы маңына С-400 жаңа зениттік-зымыран кешені дивизионын орналастырған. Бұл туралы бүгін ресейлік ақпарат агенттіктері хабарлады.

Сәрсенбіде Севастопольден сайланған депутат Дмитрий Белик Мемлекеттік дума отырысында түбектің әуе шабуылына қарсы қорғанысын күшейту «украиналық зымыран қаруын жасаушыларға ескерту» деп мәлімдеген.

Бұдан тура бір жыл бұрын да Ресей аннексиялап алған түбектегі Феодосия ауданына С-400 кешендерін орналастырған болатын.

Ресейдің Қырымды аннексиялап алған 2014 жылдың наурызынан кейін түбектегі қарулы күштерін нығайтуын Киев бұған дейін бірнеше рет агрессиялық акт деп атаған. Қырымда Ресейдің әскери жаттығулар өткізуіне байланысты Батыс елдері де алаңдаушылық білдірген.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз