Африканың 54 мемлекетінің БҰҰ-дағы елшілері АҚШ президенті Дональд Трамптың «расистік және ксенофобиялық сөз айтқаны туралы БАҚ хабарламаларына қатты күйзелгендері және үзілді-кесілді айыптайтындары» туралы мәлімдеген. Олар Трамптан даулы сөзді қайтып алуын және кешірім сұрауын талап еткен.

Бұған дейін баспасөз құралдары қаңтардың 11-і күні Трамптың Ақ үйде Конгресс мүшелерімен кездесу барысында Африка елдері мен Гаитиден мигранттардың келуіне қарсылығын білдіріп «дөрекі сөз айтқан» деп хабарлаған.

Сонымен бірге Африка елдері жекеше түрде де наразылықтарын білдірген. Ботсвана сыртқы істер министрлігі АҚШ елшісін шақырып алып, Трамптың сөзін «айыптауға лайықты асқан жауапсыз, расистік» деп атаған.

Гаита мемлекеті де наразылығын жариялап, Трамптың сөзін сынаған. Гаитидің Вашингтондағы елшісі АҚШ билігін кешірім сұрауға шақырған.

Дональд Трамп Twitter әлеуметтік желісіндегі жазбасында мигранттар туралы қатты сөйлегенімен дөрекі сөз араластырмағанын жазған.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз