14 қаңтар күні Атырау облысында күре жолда көлік апатынан кем дегенде бес адам қаза тауып, тағы бес адам ауруханаға түсті.

Атырау облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, жексенбі күні күндіз Атыраудан 63 километр қашықтықта орналасқан Хамит Ерғалиев атындағы ауылдың тұсындағы Атырау – Астрахань жолында ВАЗ және Hyundai көлігі бетпе-бет соқтығысқан.

Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиеваның айтуынша, жол-көлік апатынан бес адам — ВАЗ көлігінің жүргізушісі мен ондағы жолаушылар қаза тапқан. Hyundai көлігінің жүргізушісі мен жолаушылары жараланып, жергілікті ауруханаға түскен.

Қазақстан әлемде жол-көлік апатынан адам өлімі көп болатын елдер қатарында тұр.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.