Алматы. 15 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 15 қаңтардағы доллардың орташа бағамы 329 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 329 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 329,90 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 329 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 77 млн 800 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 151.

Ақша айырбастау орындарында 15 қаңтардағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.00) Алматыда 331,50 теңгені құраған.

Запись Доллар 329 теңге болды впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.