Оңтүстік Қазақстан облысында «деструктивті ағым мүшелері» деп ұсталған үш күдіктінің бірі Самат Борашевқа үкім оқылып, үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Бұл туралы Азаттыққа Мақтарал аудандық сотының судъясы Сейілхан Мұсабеков айтты.

Мұсабековтің мәліметінше, 1980 жылы туған,9 баласы бар, жоғары білімді Самат Борашев Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігімен айыпталып, прецесссуалдық келісім жасасқан. «Салафилік бағытты ұстанған» ол «діни, тектік-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсілдік алауыздықты қоздыратын» ақпаратты таратқан.

«Борашев Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған деп танылып, үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды» дейді судья.

Самат Борашев сотта айыбын толық мойындаған.

Шымкенттегі «Гарант» дүкендері аумағында «деструктивті діни ағым мүшесі» ретінде ұсталғандардың бірі Бақытжан Ізтілеуов қамауда отыр. Алпамыс Жүсіпбековке Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі («Жария түрде немесе ақпарат құралдары арқылы діни араздықты қоздыру») бойынша кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

Бақытжан Ізтілеуов 19 қыркүйекте Шымкентте, Алпамыс Жүсіпбеков — Сарыағаш қаласында, Самат Борашев Жетісай қаласында 20 қыркүйекте ұсталған. Үшеуі Шымкентте «деструктивті діни ағым мүшелерінен құралған қылмыстық топ құрамында болды» деген күдікпен 19 қарашаға дейін қамауға алынған болатын.

Жүсіпбеков пен Борашев Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша күдікті деп танылған. Ал Ізтілеуов 174-баптың 1 және 2-бөлігі («Алдын ала сөз байласу арқылы діни алауыздықты қоздыру»), 256-баптың 1-бөлімі («Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру») бойынша күдікті деп танылған.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.