Алматы. 15 қаңтар. 7kun.kz – Алдын-ала мәліметтерге сәйкес, 2017 жылы қаңтар-қараша аралығында Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) арасындағы өзара сауда көлемі 15 599,2 млн долларды құрады. Бұл 2016 жылғы нәтижеге қарағанда 28 пайызға көп, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

Есеп беру кезеңінде ЕАЭО елдеріне деген экспорттың көлемі 4600,3 млн доллар (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,3 пайызға жоғары), импорт – 10998,9 млн долларды (+ 26.7 пайыз) құрады.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде: Ресей – 92,3 пайыз, Қырғызстан – 4,2 пайыз, Белоруссия – 3,5 пайызды еншілейді.

Запись Қазақстан мен ЕАЭО арасындағы тауар айналымы 28 пайызға артты впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.