Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Фирдауси жалпы орта мектебінің бұрынғы директоры Кобилхожа Басиев кепілмен қамаудан шықты. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлім етті.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Мақтарал аудандық сотының қаулысымен 2 айға қамауға алынған Кабилхожа Басиев кепілмен қамаудан шығарылған. «Қылмыстық Кодекстің 190-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы және 385-бабының 1-бөлігінің 3-тармағы бойынша іс қозғалып, Мақтарал аудандық №2 сотының санкциясымен кепіл айқындалмай 2-айға қамалған. Күдіктінің апеляциялық шағымымен облыстық сот істі қайта қарады. Ол азаматқа 7 миллион 200 мың теңге кепіл мөлшері тағайындады» дейді баспасөз қызметі.
Кобилхожа Басиевтің үстінен шағымды Фирдауси жалпы орта мектебінің қазіргі директоры Жанар Мамырова заңсыз аттестат сатты деп шағымданған.
Қазіргі таңда полицейлер бұл шағым бойынша тергеу амалдарын жүргізуде.

Дилара Иса

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.