Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстан электронды үкіметінің сайтында 2025 жылға дейін қазақ тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшіру бойынша іс-шаралар жоспарының жобасы жарияланды деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Құжатқа сәйкес, латын қарпіне көшу үш кезең бойынша өтеді:

• бірінші — 2018-2020 жылдар;

• екінші — 2021-2023 жылдар;

• үшінші — 2024-2025 жылдар.

Әлеуметтік желілерде блогерлерді тарту жолымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге 462 миллион 600 мың теңге жұмсау жоспарланған. Оған Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі жауапты болады.

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін видеоблоктар әзірлеуге 168 миллион теңге бөлінбек. Сондай-ақ осы тақырыпта материалдар жариялауға маманданған журналистер пулы жасақталады деп жоспарланады, алайда оған қаржы қарастырылмаған.

Жоспарды ашық талқылау осы жылдың 30 қаңтарына дейін созылады.

 

Запись Латын әліпбиіне қатысты пост жазғаны үшін блогерлер миллиондаған теңге алады впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.