Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстан республикасы Үкіметінің Қаулысымен Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Нұржан Әлтаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2004 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы – Академиялық инновациялық университетті тәмамдаған. Мамандығы – заңгер, экономист.

Еңбек жолын 2002 жылы бастады. 2005-2012 жылдары мемлекеттік органдарда әр түрлі қызметтер атқарған, ұлттық компанияларда жұмыс істеген. 2012-2017 жж. «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын», Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасын басқарды, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары болып істеген.

2017 жылғы қарашадан бастап осы уақытқа дейін ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған.

Запись Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жаңа вице-министр тағайындалды впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.