Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz – 2017 жылы «Балалары бар отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңға сәйкес 392,7 мың азаматқа бала тууына байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы беріліп, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 34,7 млрд теңге жұмсалды деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. 

Бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда төленетін жәмдемақы мөлшері 86 222 теңгені құраса, төртінші және одан көп бала дүниеге келген жағдайда 142 947 теңге төленеді.

2018 жылы бала туылуына байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 40,2 млрд теңге қарастырылған және бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда төленетін  жәрдемақы мөлшерлері 91 930 теңге, ал төртінші және одан көп бала дүниеге келген жағдайда 151 515 теңге болады.

Запись 392 мың азамат бала тууына байланысты 34,7 млрд теңге қаржылай көмек алды впервые появилась Жеті күн.

Дереккөз 7kun.kz ақпараттық агенттігі

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.