Павлодар облысында жүк вагондары соқтығысып, үш вагон аударылды және бірнешеуі рельстен шығып кетті деп хабарлады бейсенбіде «Қазақстан теміржолы – жүк тасымалы» комапаниясына сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер хабарлады.

Оқиға 18 қаңтар күні сағат 6:45-те Транзитная станциясында «Богатырь Транс» компаниясына кірме жолда болған болған.

«14 вагон тіркелген жүк пойызы тұрақтан қозғалып кетіп, басқа пойызбен соқтығысқан. Салдарынан бір пойыздың үш вагоны жанына аударылып, екіншісініңтөрт вагоны рельстен шығып кеткен» деп хабарлады компания.

Алдын ала болжам бойынша, пойыз «байланыс желісінде кернеу жоғалғандықтан» қозғалып кеткен. Локомотивтер «Богатырь Транс» жеке меншік компаниясына тиесілі.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.