Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы өртеніп, салдарынан 52 өзбек азаматының қаза табуына байланысты Өзбекстан үкімет арнайы комиссия құрды.

Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, комиссия құрамына сыртқы істер министрлігі, ішкі істер министрлігі, денсаулық сақтау министрлігі мен басқа да ведомстволардың өкілдері қосылған. Комиссияны премьер-министр Абдулла Арипов басқарады. Комиссия қаза тапқан Өзбекстан азаматтарының аты-жөнін және қайғылы оқиға себептерін анықтаумен айналысады.

18 қаңтар күні сағат 10:30-да Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Қалыбай ауылынан 10 километр қашықтықта Шымкент – Самара жолында жолаушылар автобусы өртеніп, 52 адам қаза тапқан. Автобуста барлығы 57 адам – 55 жолаушы мен екі жүргізуші болғаны хабарланған. Үш жолаушы мен екі жүргізуші аман қалған.

Қайғылы оқиға облыс орталығы Ақтөбеден 320 километр қашықтықта болған.

Дереккөз Aзаттық Радиосы

قالب وردپرس

Алматы қаласы туралы жаңалық оқу

Comments are closed.